Канани: Иран Еуроодақ пен Ұлыбританияға қарсы жаңа санкциялар салады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуроодақ пен Ұлыбританияға қарсы жаңа санкциялар салынатынын хабарлады.
Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында: "Ұпай алуға бағытталған саяси қысымдардың ықпалына түспейміз",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Канани: "Еуроодақ пен Ұлыбританияға қатысты кейбір органдар мен тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар тізімін жариялаймыз",-деді.
Канани кейбір парсы тілді ақпарат құралдарының арандатушы рөлі туралы: "Лондон туралы тиісті шаралар атқарылды. Ұлыбританияның Теһрандағы елшісін СІМ-не шақыртып, осындай лаңкестік әрекеттердің жасалуына тосқауыл қойып, парсы тілді арналардың алдын алу сұралды",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Қытай мен Сауд Арабиясының ортақ мәлімдемесі туралы: "Иран Қытай басшысының қатысуымен өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының 43-ші отырысының қорынды мәлімдемесінде айтылған негізсіз уәждерді айыптайды. Осы мәлімдемеде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты айтылған сөздерді мүлде қабылдамаймыз",-деді.