Иран мен Қытай арасындағы 16 ынтымақтастық келісім дайындалды
Иранның Экономика және қаржы министрі Иран мен Қытай арасындағы 16 ынтымақтастық келісімінің әзірленгенін хабарлады.
Хандози Теһранда 25 жылдық құжатты жүзеге асыру үшін Иран мен Қытай арасындағы келіссөздер туралы Қытай премьер-министрінің орынбасары және Иран вице-президентінің кездесуі өткізілгенін және бұл кездесуде Бейжің мен Теһран арасындағы 25 жылдық келісімді жүзеге асыру саласындағы 16 келісімнің дайындалғанын хабарлады.
Иранның Экономика және қаржы министрі: «Бұл 16 келісім бүгін екі елдің Иран мен Қытай саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларының бірлескен отырысында қорытындыланды. Екі ел президенттерінің келесі кездесуінде бекіту үшін екі арадағы энергетика, бірлескен инвестициялық және қаржылық, валюталық, банктік өзара іс-қимылдар саласында, транзит және инфрақұрылым саласындағы стратегиялық жоспарлардағы атқару шараларды күн тәртібіне енгізу шешілді»,- деді.