ИИР мен Үндістан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі үндістандық әріптесімен сұхбатында Теһран мен Дели арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін екіжақты келісімдерді жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Үндістан Сыртқы істер министрі Джайшанкар телефон арқылы сөйлесіп, кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер мен екіжақты қарым-қатынастар туралы пікір алмасты. Екі елдің сыртқы істер министрлері түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне тоқталды.
Үндістанның Сыртқы істер министрі екі ел арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жақсы деңгейіне тоқталып, Теһран мен Нью-Дели арасындағы екіжақты және халықаралық ынтымақтастық туралы өз көзқарасын білдірді.