Иравани: АҚШ күш көрсетіп, екіжүзділік жасау арқылы БҰҰ-ның заңды жолдарын бұзды
https://itolqyn.com/news/world-i66256
Иранның БҰҰ-дағы елшісі: "Иранды БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі комиссиясына мүшеліктен заңсыз шығару барысында АҚШ біржақты күш көрсетіп, екіжүзді әрекет жасап, заңды жолдарды бұзды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 16, 2022 18:26 Asia/Almaty
  • Иравани: АҚШ күш көрсетіп, екіжүзділік жасау арқылы БҰҰ-ның заңды жолдарын бұзды

Иранның БҰҰ-дағы елшісі: "Иранды БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі комиссиясына мүшеліктен заңсыз шығару барысында АҚШ біржақты күш көрсетіп, екіжүзді әрекет жасап, заңды жолдарды бұзды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани бейсенбі күні БҰҰ-да 77 тобына мүше елдер мен Қытай Сыртқы істер министрлерінің конференциясында: "Көпжақтылық әлі де жан-жақтан қатты қысымға ұшырап отыр. Осындай қатердің айқын үлгісін кеше ECOSOC-тың отырысынан көрдік",-деді.  

Ол: "Өкінішке қарай, АҚШ пен оның одақтастарының біржақты диктаторлығы, басынып күш көрсетуі, саяси билікті теріс мақсатта пайдалануы, үркітіп-қорқытуы, мәжбүрлеуі және екі қырлы стандарттарды қолдануы көпжақтылық, заңды жолдар мен заңның билік құруынан басым түсіп отыр. Соның нәтижесінде ИИР-дың БҰҰ-дағы әйелдер ісі жөніндегі комиссияға мүшелігі негізсіз тоқтатылды",-деді.