Жел 16, 2022 21:56 Asia/Almaty
  • Еуразия елдерінің сауда айналымынан доллар алып тасталады

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер АҚШ долларын өздерінің қаржы және сауда айналымынан шығаратын болады.

Бұл мәселені Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні кешке айтып: "Жуырда Еуразия елдері өздерінің сауда айналымында есеп айырысу үшін доллардан басқа валюталарды қолданатын болады",-деді.

Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің сауда айналымынан долларды алып тастаудың маңызы осы одаққа мүше елдердің көлемі, тұрғындар саны мен жалпы ішкі өнімдерін ескергенде айқындала түседі. Ресей осы одақтың негізін қалаған ел ретінде АҚШ-тың әлемдік қаржы нарығында қолданылатын долларды теріс пайдаланып отырғанын ескеріп, осы валютаны сауда-экономикалық және қаржы айналымдарынан алып тастауды қалап отыр.

Ресей мен Қытай АҚШ-қа қарсы екі алпауыт ел ретінде осы салада маңызды қадамдар жасады. Қазіргі таңда Ресей басқа елдермен сауда-экономикалық  және энергетикалық айналымдарда ұлттық валюталарды пайдалануға талпынып жатыр. Бұл іс әсіресе БРИКС-тің екі елі, яғни Үндістан мен Қытайға қатысты орындалып келеді. Бұл екі мемлекет – Ресейдің ірі сауда-экономикалық  және энергетикалық серіктестері.  

Экономикалық сарапшы Фен Ю (Fen Yu): "Ресей мен Қытай Украинада соғыс басталғаннан кейін доллардың әлемдегі ең ірі резервтік валюта болу статусына сызат түсіруді көздеп отыр. Екі елдің осы жобаны орындаумен айналысып жатқанына таңқалмаймын. Бірақ осы жолда экономикасы қарқынды дамып келе жатқан бірнеше елдің Ресей мен Қытайға қосылғаны таңданыс тудырып отыр",-деді.

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары кейбір елдерді долларға арқа сүйеуді азайтуға итермелеп жатыр. АҚШ Қаржы министрлігінің құнды қағаздарын сатып алуға сұраныс та азаюы мүмкін.

Сол себепті сарапшылардың сенімінше, доллар әлі күнге дейін әлемдегі ең ірі резервтік валюта саналса да, АҚШ-тың оны бір қаржы қаруы ретінде пайдалануы көптеген елдердің баламалы валютада инвестиция салуын жылдамдатуға себеп болып отыр.

Тегтер