Захарова: Боррельде логикалық ойлау жоқ
Ресей Еуроодақтың Анкарадан Мәскеуге қарсы санкцияларға қосылуын сұрауын логикалық ойдан ада деп тапты.
Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың тереңдеуін Еуроодақ үшін терең алаңдаушылықтың себебі деп жариялады.
Боррель Еуропалық Одақтың алаңдауының тағы бір себебін, Түркияның ЕО-ның Ресейге қарсы жазалау шараларына қосылмау саясатын үздіксіз жүргізгенін атап өтті.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Жозепп Боррельдің көзқарасын ұят деп бағалады. Захарова: «Боррелль ол үшін дайындалған мәтіндерді оқиды. Олардың логикалық ойлауы жоқ және бұл ойлау тәсілі отаршылдық пен фашизм сияқты тереңірек тамырларға ие»,- деп айтты.