Иран мен Оңтүстік Корея арасында мұнай саласында алғашқы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Иран мен Оңтүстік Кореяның мұнай саласындағы алғашқы ынтымақтастық меморандумына Иранның газ экспорттау ұлттық компаниясы мен Оңтүстік Кореяның газ компаниясы (KOGAZ) қол қойды.
Мұнай мен энергия туралы ақпарат тарату торабы ШАНА-ның хабарлауынша, Иранның газ экспорттау ұлттық компаниясының атқарушы директоры Әлиреза Камели және Оңтүстік Кореяның газ компаниясының (KOGAZ) төрағасы Сионг Ху Ли жексенбі күні Теһранда екі ел арасындағы мұнай саласындағы алғашқы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Иран газын LNG түрінде экспорттау, газ нарығы, газ саласындағы әріптестік негізінде тәжірибе алмасу Иранның газ экспорттау ұлттық компаниясы мен Оңтүстік Кореяның газ компаниясы (KOGAZ) арасындағы меморандумның өзекті тақырыбы болып табылады.
Оңтүстік Корея газ компаниясының негізі 1983 жылы қаланды. Бұл әлемдегі LNG импорттаушы негізгі компаниялардың бірі саналады.
Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым және тасымалдау министрі KANG Ho-in де жексенбі күні Теһранда Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Занганемен кездсеуінде, Оңтүстік Корея президентінің Теһранға сапарымен орайлас екі ел арасында құны 20 млрд долларды құрайтын келісімшартқа қол қойылатынын мәлімдеді.