Ұлыбританияның барлау қызметі басшысы Арменияға сапар шекті
https://itolqyn.com/news/world-i66280-Ұлыбританияның_барлау_қызметі_басшысы_Арменияға_сапар_шекті
Ұлыритания барлау қызметі басшысының Арменияға сапары күтпеген және журналистердің назарынан тыс қалған оқиға болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 17, 2022 18:38 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияның барлау қызметі басшысы Арменияға сапар шекті

Ұлыритания барлау қызметі басшысының Арменияға сапары күтпеген және журналистердің назарынан тыс қалған оқиға болды.

MI6 басшысы Ричард Мурдың Арменияға сапары және бұл елдің Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуі туралы хабарды армян ақпарат құралдары жариялады.

Армения Премьер-министрі кеңсесі аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті екі тарап келіссөздерінің негізгі тақырыптарының бірі деп жариялады.

Бұл екі шенеуніктің кездесуінің егжей-тегжейіне қатысты ешқандай жаңалық жарияланған жоқ, бірақ бұл кездесу туралы жарияланған суреттер  бұл кездесуге Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Армен Абазянның да қатысқанын көрсетеді.