Еуропалық қорғаныс агенттігі: АҚШ-тың қорғаныс қалқаны сенімді емес
https://itolqyn.com/news/world-i66282-Еуропалық_қорғаныс_агенттігі_АҚШ_тың_қорғаныс_қалқаны_сенімді_емес
Украинадағы соғыс жағдайына реакция білдіріп, Еуропалық қорғаныс агенттігі ұзақ мерзімді перспективада Америкаға қорғаныс қалқаны ретінде сенуге болмайтынын ескертті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 17, 2022 18:40 Asia/Almaty
  • Еуропалық қорғаныс агенттігі: АҚШ-тың қорғаныс қалқаны сенімді емес

Украинадағы соғыс жағдайына реакция білдіріп, Еуропалық қорғаныс агенттігі ұзақ мерзімді перспективада Америкаға қорғаныс қалқаны ретінде сенуге болмайтынын ескертті.

Еуропалық Одақтың қорғаныс агенттігі (EDA) Украинадағы соғыс жағдайына және Вашингтонның Еуропадан Қиыр Шығыс аймағына деген көзқарасының өзгеруіне қатысты: «Біз өзімізді ойлауымыз керек»,- деді.

Бұл еуропалық мекеме Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз еткеннен кейін еуропалық елдердің бірігіп әскери техника сатып алуы және қару-жарақ қорын ауыстыруына кірісуі керектігіне тоқталып: «АҚШ әрқашан Еуропа үшін (әскери) қауіптерден қалқан бола алмайды»,- деп сөз жалғады.