Ресей армиясы "Авангард" құрлықаралық баллистикалық зымыранының екінші буынын алды
https://itolqyn.com/news/world-i66304-Ресей_армиясы_Авангард_құрлықаралық_баллистикалық_зымыранының_екінші_буынын_алды
"Авангард" атты құрлықаралық баллистикалық зымыранның екінші буыны Ресей армиясының ықтиярына берілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 18, 2022 17:40 Asia/Almaty

"Авангард" атты құрлықаралық баллистикалық зымыранның екінші буыны Ресей армиясының ықтиярына берілді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі осы ел армиясының күш-қуатын арттыру жалғасып жатқанын айтып: "Авангард" атты құрлықаралық баллистикалық зымыранның екінші буыны Ресей армиясының Оренбург облысындағы стратегиялық  зымырандар бөліміне берілді",-деп мәлімдеді.  

Осыған дейін "Ярис-24" баллистикалық зымырандар кешені Ресей армиясының Калуга облысындағы бөлімшесіне берілген болатын.