БҰҰ-да Биологиялық қаруларға тыйым салу конвенциясының тоғызыншы конференциясы аяқталды
(last modified Sun, 18 Dec 2022 13:17:31 GMT )
Жел 18, 2022 19:17 Asia/Almaty

БҰҰ-ның Женевадағы резиденциясында Биологиялық қаруларға тыйым салу конвенциясын қарастыруға арналған тоғызыншы конференция аяқталды.

Бұл конференцияда қатысушылар вирустар мен патогендерді биологиялық қару ретінде пайдаланудың алдын алу мақсатында аталмыш конвенцияны нығайту жолдарын талқылап, мүше елдер арасында осы мәселені тексеру және дұрыстығын сынау үшін бір жұмыс тобын құруға келісті.

Жапония өкілі осы конференцияда: "Бұл жолы бір мәселеде келісімге келе алғанымыз өте жақсы болды",-деді.

Осы конференцияда Ресей өкілі тарапынан айтылған маңызды мәселе: АҚШ пен Украина биологиялық қарулар жасау үшін  құпия әріптестік жасап жатыр. Әрине Мәскеу бұған дейін де бұл жайлы ескерткен болатын. Мәскеудің көзқарасынша, Женевада Биологиялық қаруларға тыйым салу конвенциясының тоғызыншы конференциясының аяқталуы барлық қайшылықты мәселелер, соның ішінде Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған АҚШ пен Украинаның аталмыш конвенцияны сан рет бұзғанынан байланысты Мәскеу түсірген шағымдарына қатысты келісім жасалды деген сөз емес.

Аталмыш конференциядағы Ресей делегациясының басшысы Константин Воронцов: "Өкінішке қарай, Ресейге маңызды кейбір шұғыл мәселелер мен басым бағыттар осы отырыста талқыланып, шешілуі тиіс еді. Бірақ шешілмей қалды. Соның ішінде осы конвенцияны бұзып отырған Украина жеріндегі биологиялық зертханалардың жұмысы туралы сұрағымыз жауапсыз қалды",-деді.  

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Геннадий Гатилов: "Вашингтон мен Киев Украина жерінде әскери-биологиялық жұмыстар атқару арқылы осы конвенцияны бұзды. Ресей кез келген шетелдік ұйымның өз шекараларына жақын маңда жұмыс жасауына қарсы. Өйткені олар Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді және қауіпті аурулардың таралуына қатысты болуы мүмкін",-деді.

Ресейдің ескертуі бойынша, АҚШ әскери-биологиялық күш-қуатын, яғни биологиялық қаруларды арттыруды жалғастырып, аймақтың ғана емес, әлемнің қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіріп отыр. АҚШ 1972 жылы бекітіліп, 1975 жылы күшіне енген Биологиялық қаруларға тыйым салу конвенциясына мүше болғанымен іс жүзінде осы антигуманистік қарудың түр-түрін дамыту бойынша көш бастап тұр.  

Сондай-ақ Вашингтон Кеңес одағы ыдырағаннан кейін пайда болған елдерде биологиялық зертханалар салуға айрықша көңіл бөлді. Ресеймен жапсарлас Украина сияқты елдерде зертханалар орналастыру шын мәнінде Ресейге биологиялық қоқан-лоққы жасау үшін жүзеге асырылды.