Парижде шерушілер Францияның НАТО-дан шығуын талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i66320
Сенбі күні Парижде наразылар көшеге шығып, Франция үкіметінің Ресейге қатысты саясатына наразылық білдіріп, елдің НАТО-дан шығуын талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 19, 2022 17:12 Asia/Almaty
  • Парижде шерушілер Францияның НАТО-дан шығуын талап етті

Сенбі күні Парижде наразылар көшеге шығып, Франция үкіметінің Ресейге қатысты саясатына наразылық білдіріп, елдің НАТО-дан шығуын талап етті.

Осы наразылықтарды ұйымдастырған – Флориан Филиппо бастаған "Патриот" оңшыл саяси партиясы. Филиппо күздің басынан бері "Қарсыласу" деп аталатын наразылықтар ұйымдастырып жүр. Ол Францияның НАТО мен Еуроодақтан шығуын талап етіп келеді. Сондай-ақ Эммануэль Макронның сыртқы және экономикалық саясаттарын сынайды.

Сенбі күні шерушілер "Франция НАТО-дан шығуы керек", "Макронға импичмент жариялануы тиіс" және "Қарсыласу" деп жазылған плакаттар ұстап шықты.