Догарун шекарасынан Ауғанстанға тауар транзиттеу көлемі артты
(last modified Mon, 19 Dec 2022 11:34:19 GMT )
Жел 19, 2022 17:34 Asia/Almaty
  • Догарун шекарасынан Ауғанстанға тауар транзиттеу көлемі артты

Иранның Догарун кеден басқармасының директоры Ауғанстанға тауар транзиттеудің 1,5 есе артқанын хабарлады.

Иранның Догарун кеден басқармасының директоры Хасан Рахимизада: "Өткен үш айда осы кеден арқылы Ауғанстанға 32765 тонна тауар транзиттелді. Бұл көлем былтырғы осындай кезбен салыстырғанда 1,5 есе артық",-деді.   

Хасан Рахимизада: "Тура осы аралықта Ауғанстан базарларына транзиттелген тауар көлемінің долларлық құны 120 пайыздан асты",-деді.  

Иран мен Ауғанстанның шекарасындағы Догарун бақылау-өткізу пункті Тайбад қаласынан 18 км жерде орналасқан.