Амир Абдуллахиан: Францияның Иранның ішкі істеріне араласуы қабылданбайды
Жел 21, 2022 15:44 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колоннамен кездесуінде Францияның Иранның ішкі істеріне араласуын сынады.
Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында Бағдат 2 конференциясы аясында Франция Сыртқы істер министрімен кездесуін хабарлап, бұл кездесуде Францияның Иранның ішкі істеріне араласуын сынап, оның қабылданбайтынын жазды. Иран Сыртқы істер министрі бұдан бұрын Twitter-дегі парақшасында Еуропа Одағының сыртқы саясатына жауапты және жоғары өкілі Жозеп Боррелмен кездескенін хабарлап, кездесуді ашық, достық және сындарлы сипаттады.
Тегтер