Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның «Газ одағы» алға ілгерлемеді
Ресейдің газ одағын құру туралы ұсынысына тоқталған Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары: «Оның жүзеге асуы Мәскеудің Астанаға ұсынатын шарттарына байланысты»,- деді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жақында болған сапары кезінде Кремль оған Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты газ одағын құруды ұсынды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Ресеймен газ одағын құру мүмкіндігі туралы: «Еуразиялық интеграция – үкіметаралық және мемлекетаралық келісімдермен ресімделетін үкіметаралық интеграция. Газ одағын құру Ресей жағының ұсынысы болды. Дегенмен, бұл бастама ресімделмеген. Осы бастама қандай тәртіпте жүзеге асырылатыны туралы Ресей жағынан егжей-тегжейлі пысықталған тиісті ұсыныстар түскен жоқ. Әзірге, бұл газ саудасының кейбір процестерін біріктіру идеясы ғана. Барлық мәселе Ресейдің Астанаға ұсынатын шарттарына байланысты болмақ»,- деді.