Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Зарифпен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің қатерін залалсыздандыру үшін барлық палестиналық топтардың бірлігінің қажеттілігін қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Рамазан Абдолла жексенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, Палестина мен аймақтағы оқиғалар туралы пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі: «Бүгін барлық палестиналықтардың бірлігі қажет. Ислам әлемі мен палестиналық топтардың мақсаты – сионистік режимнің қатерін залалсыздандыру»,- деп қуаттады. Зариф Палестина мәселесін ислам әлемінің бірінші мәселесі деп атап: «Ислам әлемінің басты мәселесі мен сионистік режимнің қатерін маңызды емес деп көрсетуді қабылдауға болмайды»,- деп баса айтты. Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы бұл кездесуде Палестинаның ішкі және аймақтың қазіргі жағдайына тоқталып: «Аймақтың қазіргі жағдайы аймақ дағдарысын шешудегі Иранның маңызды рөлін қуаттайды»,- деді.