Мәскеуде сардар Сүлейманиді еске алу рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/world-i66726
Қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болғанына үш жыл толғанына орай Мәскеуде "Иранның аңызға айналған батырын еске алу кеші" деген атаумен рәсім өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 06, 2023 16:14 Asia/Almaty
  • Мәскеуде сардар Сүлейманиді еске алу рәсімі өтті

Қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болғанына үш жыл толғанына орай Мәскеуде "Иранның аңызға айналған батырын еске алу кеші" деген атаумен рәсім өтті.

Бұл рәсім Эмиль Ашуров бастаған Ортодокс христиандар мен мұсылмандар әріптестігі ассоциациясы мен Олег Фоминнің жетекшілігіндегі "Рус Ар" қайырымдылық қоры тарапынан ұйымдастырылды.

Осы рәсімде ИИР-дың Ресейдегі елшісі Казем Джалали сөз сөйлеп: "Шәһид Сүлеймани лаңкестікке қарсы күрескен ең ірі тұлға болды. Лаңкестікпен күресіп жатырмыз деп уәж айтатындар сардар Сүлейманиді өлтіру арқылы лаңкестікті қолдап отырғандарын көрсетті",-деді.