АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері сайланды
https://itolqyn.com/news/world-i66766-АҚШ_Конгресінің_Өкілдер_палатасының_спикері_сайланды
Дауыс берудің он төрт раундында жеңіліп қалған АҚШ Конгресінің республикашыл мүшесі Кевин Маккарти қажетті дауыстарды жинап, Өкілдер палатасының спикері бола алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 07, 2023 15:09 Asia/Almaty

Дауыс берудің он төрт раундында жеңіліп қалған АҚШ Конгресінің республикашыл мүшесі Кевин Маккарти қажетті дауыстарды жинап, Өкілдер палатасының спикері бола алды.

Fars ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәліметінше, Республикалық партия өкілі Кевин Маккарти бірнеше күн бойы сәтсіз аяқталған келіссөздер мен дауыс беруден кейін ақыры дауыс берудің 15-ші кезеңінде АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төралығына қажетті дауыстарды жинай алды. Бұл дауыс беруге Өкілдер палатасының 428 мүшесі қатысты. Маккарти 216 дауыстың көпшілігін жинай алды. Демократиялық партиядан үміткер Хаким Джеффрис 212 дауыс жинады.