Иран Африкаға 1 млрд 94 млн долларға тауар экспорттады
https://itolqyn.com/news/world-i66772
Иран мен Африка сауда клубы басшысының орынбасары Иранның Африка елдерімен сауда көлемінің 1 млрд 170 млн долларға жеткенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 08, 2023 16:51 Asia/Almaty
  • Иран Африкаға 1 млрд 94 млн долларға тауар экспорттады

Иран мен Африка сауда клубы басшысының орынбасары Иранның Африка елдерімен сауда көлемінің 1 млрд 170 млн долларға жеткенін хабарлады.

Сейіт Рухолла Латифи х.ш.ж.с.б. 1401 жылдың басынан 10 дейге дейін Иранның Африка елдерімен сауда көлемінің 1 млрд 170 млн долларға жеткенін хабарлап: "Сауданың 93,5 пайызын Иранның 44 африкалық елге экспорты құрайды",-деді.

Иран мен Африка сауда клубы басшысының орынбасары Иранның Африка құрлығындағы экспорттық мақсаттары туралы: "Оңтүстік Африка республикасы, Мозамбик, Гана, Судан мен Нигерия – Иранның мұнайдан тыс тауарларын экспорттайтын басты бес мақсат. Иранның Африкаға экспортталатын тауарларның салмағы жағынан 75 пайызы және құны жағынан 80 пайызы осы елдерге кетеді",-деді.