Иран Украина соғысын аяқтауға көмектесуге дайын
Иран Президенті Ресей Президентімен телефон арқылы сұхбатында Теһран үкіметінің Украина соғысын аяқтау жолында конструктивті әрі белсенді рөл атқаруға дайын екенін айтты.
Ибрахим Раиси Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында екі елдің әсіресе транзит пен энергетика салаларындағы экономикалық ынтымақтастығын одан ары кеңейтудің маңызына тоқталып, бұл әріптестіктердің екі ел мен аймақ халықтары үшін пайдалы қарым-қатынас қалыптастыруға септігін тигізетінін айтты.
Иран Президенті аймақ, әсіресе Кавказ бен Сириядағы мәселелерлі тек әріптесу және үйлестіру арқылы шешуге болатынын айтып: "ИИР аймақта өзара интеграцияны нығайту керегін және бөгделердің араласуы зиянды екенін ұдайы айтып келеді",-деді.
Раиси "Астана үдерісі" аясында Сирия мәселелерін шешуге талпыну керегін айтып, Иранның Украинада қақтығыстарды доғарып, бейбітшілік орнату жолында конструктивті әрі белсенді рөл атқаруға дайын екенін қуаттады.
Владимир Путин осы сұхбатта екі ел үшін барлық салаларда экономикалық әріптестік жасаудың өте нәтижелі болатынын айтып: "Екі елдің әсіресе транзит пен энергетика саласында ынтымақтастығын дамыту бүкіл Еуразия аймағының экономикасына пайдалы",-деді.
Путин сондай-ақ Иранның Украинада бейбітшілік орнату туралы бастамасын қолдап, Сирия мәселелерін "Астана үдерісі" аясында шешу керегін қуаттады.