Қазақстан мен Қырғызстан Ауғанстан астанасындағы терактіні айыптады
(last modified Sat, 14 Jan 2023 09:57:03 GMT )
Қаң 14, 2023 15:57 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстан Ауғанстан астанасындағы терактіні айыптады

Қазақстан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрліктері Кабул қаласындағы Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.

Сәрсенбі күні кешке Кабулдағы Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі алдында кемінде бес адамның қаза болуына және ондаған адамның жаралануына себеп болған лаңкестік әрекетті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды. Осыған байланысты Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрліктерінің мәлімдемесінде: «Екі ел биылғы жылдың 11 қаңтарында Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында ондаған жазықсыз адамдардың қаза болуы мен жарақат алуына әкелген лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан да осы лаңкестік актісі құрбандарының отбасыларына көңіл айтып, Кабул билігін Ауғанстандағы лаңкестік ошақтарын жою үшін күресті күшейтуге шақырды»,- деп айтылды.