Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ирандық медбикелерді тағылымдамадан өтуге қабылдады
(last modified Sat, 14 Jan 2023 10:35:35 GMT )
Қаң 14, 2023 16:35 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ирандық медбикелерді тағылымдамадан өтуге қабылдады

Иранның Денсаулық сақтау министрінің мейірбике ісі бойынша орынбасары 17 ирандық медбикенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының паллиативтік көмек көрсету бойынша курсқа қатысуға қабылданғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрінің мейірбике ісі  бойынша орынбасары Аббас Ибади: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен бірқатар халықаралық паллиативтік көмек қауымдастығының күш-жігерімен ұйымдастырылған бұл 6 айлық виртуалды курсқа әртүрлі елдерден 50 медбике мен дәрігер қатысады, олардың үштен біріне жуығы ирандық әріптестер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының курсы 30 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 25 шілдесіне дейін созылады»,- деді.

Санкциялар мен жаһандық саяси қысымдарға қарамастан, ИИР халықтың, әсіресе ғылым мен медицина салаларындағы таңдаулы және белсенді жастардың маңызды рөліне сүйену арқылы кедергілерді жеңіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.