Қаң 15, 2023 20:49 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ полициясының бір қара нәсілді мұғалімді айуандықпен өлтіргенін айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сенбі АҚШ полициясының бір қара нәсілді мұғалімді айуандықпен өлтіргеніне реакциясында: "АҚШ полициясының қара нәсілді мұғалім Андерсонды айуандықпен өлтіргені және Джордж Флойды өлтіру тәсілін қайталағаны әлем халықтарын тағы да есеңгіретіп тастады. Және АҚШ полициясында түрлі түстілерге қарсы кемсіту қатынасының жалғасып жатқанын көрсетеді",-деді.

Канани осы қара нәсілді мұғалімнің өлтірілгенін айыптап, АҚШ үкіметінің осы жауапсыз әрі антигуманистік қылмысқа жауап беру керегін айтып, бұл елде адам құқығының, әсіресе азшылықтар мен түрлі түстілер құқықтарының ашық және жүйелі түрде бұзылу жайттарының қайталанып отырғанын баса айтты.

Тегтер