Батыстықтар Ұлыбритания барлау ұйымының ірі тыңшысының дарға асылғанына пассивті реакция білдірді
(last modified Sun, 15 Jan 2023 17:15:09 GMT )
Қаң 15, 2023 23:15 Asia/Almaty
  • Батыстықтар Ұлыбритания барлау ұйымының ірі тыңшысының дарға асылғанына пассивті реакция білдірді

Ұлыбритания барлау ұйымның ірі тыңшысы Әлиреза Акбаридің дарға асылуына батыстықтар ауқымды, бірақ пассивті реакция білдірді. Бұл батыстықтардың Иранға қарсы тыңшылық әрекеттеріне үлкен соққы берілгенін көрсетеді.

Иранның Жоғары соты сенбі күні: "Ұлыбритания барлау қызметінің мүддесіне тыңшылық жасау арқылы Иранның ішкі-сыртқы қауіпсіздігіне қарсы ауқымды әрекеттер жасап, әлемдік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыпталған Әлиреза Акбари дарға асылды",-деп хабарлады.

Бұл үкімнің жариялануы Ұлыбритания мен Еуропа қайраткерлерінің  ішкі іске араласушы реакциясын тудырды. АҚШ та үнсіз қалмады. Иранда ішкі наразылықтар басталғаннан бері тынышсыздықтарды жіті бақылап келген АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Молли қазір де Байден үкіметінің ішкі іске араласушы сөздерін қайталады.

Иранда Ұлыбритания барлау ұйымның ірі тыңшысының дарға асылғанына Батыс тарапынан теріс реакция болып, бұл іс айыпталатыны күтпеген жағдай емес. Әлиреза Акбаридің тыңшылық әрекеттерінің тізіміне шолу оның елге қиянатының қаншалықты терең екенін және Лондонға қаншылықты құнды болғанын көрсетеді. Шын мәнінде Әлиреза Акбари Ұлыбритания барлау ұйымының ең маңызды тыңшыларының бірі болды. Ол Иранның маңызды мағлұматтарын жинап, саналы да мақсатты түрде Ұлыбритания барлау ұйымының ықтиярына беріп отырған.

Иран Барлау министрлігінің мәлімдеуінше, ол елдің кейбір маңызды органдарына жол тауып, қолға түскен ақпараттарды саналы да мақсатты түрде дұшпанның барлау ұйымының ықтиярына сан рет беріп отырған. Шын мәнінде Әлиреза Акбаридің Ұлыбритания мүддесіне тыңшылық жасауы, MI6 барлау ұйымымен байланыста болуы, түрлі елдерде дұшпанның қауіпсіздік офицерлерімен сан рет кездесуі, ұзақ уақыт тыңшылық жасауы – Иранның ішкі-сыртқы қауіпсіздігіне қарсы жасаған үлкен қылмысының дәлелі. Сондай-ақ Ұлыбритания барлау ұйымының осы іске қатысты іс-қимылдары Әлиреза Акбаридің оларға қаншалықты құнды болғанын, оған үлкен сенім артылғанын көрсетеді.

Маңызды мәселе мынада: Иранның барлау қызметі мен Жоғары сотының Әлиреза Акбариге кесімді қатынас көрсетуі Теһран үкіметінің шетелдік тыңшылық әрекеттермен белсенді де әсерлі түрде күресуге дайын екенін және қауіпсіздік органдарының күдікті адамдар мен олардың шетелдік тыңшылық ұйымдарға қатысты әрекеттерінен хабардар екенін көрсетеді.