АҚШ халқы НАТО-ға және Украинаға әскери көмек беруге қарсы митингке шықты
(last modified Mon, 16 Jan 2023 12:11:18 GMT )
Қаң 16, 2023 18:11 Asia/Almaty
  • АҚШ халқы НАТО-ға және Украинаға әскери көмек беруге қарсы митингке шықты

АҚШ-тың жүздеген азаматы осы елдің Украинаға әскери және қаржылай көмек беріп жатқанына наразылық ретінде митингке шықты.

Нью-Йорк қаласында наразылар Байден үкіметінің Украинадағы соғысты қаржылай қолдауды дереу тоқтатып, осы орасан зор қаражатты ел ішінде білім беру және тұрғын үй салу сияқты әлеуметтік қызметтерге жұмсауды талап етті.

АҚШ армиясы ортақ штабының басшысы генерал Марк Милли Германияда Украина күштерінің тағы кең түрде жауынгерлік дайындықтан өткізілетінін хабарлады.  

Марк Милли: "Бұл дайындықтың мақсаты – 500 сарбаздан тұратын батальонды алдағы 5-8 апта ішінде ресейліктермен күресу үшін соғыс алаңына қайта жіберу",-деді.

Халықаралық стратегиялық  зерттеулер орталығы (CSIS): "АҚШ үкіметі Украинада соғыс басталғалы бері осы елге шамамен 100 млрд доллар көлемінде қаржылай және әскери көмек көрсетті",-деп мәлімдеді.