Түркия халқы Charlie Hebdo-ның діни үлгілерге құрметсіздік көрсеткеніне наразылық білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i66964-Түркия_халқы_charlie_hebdo_ның_діни_үлгілерге_құрметсіздік_көрсеткеніне_наразылық_білдірді
Түркия халқы Стамбұлдағы Франция елшілігінің алдына жиналып, Charlie Hebdo басылымының исламның діни үлгілеріне құрметсіздік көрсеткенін айыптады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 16, 2023 19:35 Asia/Almaty
  • Түркия халқы Charlie Hebdo-ның діни үлгілерге құрметсіздік көрсеткеніне наразылық білдірді

Түркия халқы Стамбұлдағы Франция елшілігінің алдына жиналып, Charlie Hebdo басылымының исламның діни үлгілеріне құрметсіздік көрсеткенін айыптады.

Charlie Hebdo басылымы бірнеше күн бұрын Иранның діни үлгілерін келекелеуге арналған карикатура жарысын өткізіп, тағы да әлем мұсылмандарының ашу-ызасын тудырды.

Түркия мұсылмандары Charlie Hebdo-ның діни үлгілерге құрметсіздік көрсеткеніне наразылық білдіру үшін Стамбұлдағы Франция елшілігінің алдына жиналды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиді қолдайтын сөздер жазылған плакаттар алып шыққан шерушілер өз мәлімдемелерінде ислам үмбетінің бірлігін сақтап, нығайту керегін баса айтып, Ислам діні мен Ислам революциясы жетекшісінің арман-мақсаттарына адалдықтарын жариялады.