Санкциядан кейін Иран мен Оңтүстік Корея байланысында серпіліс пайда болды
Иран мен Оңтүстік Корея президенттері Теһранда өткізген бірлескен ақпарат отырысында екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.
Саяси және экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Теһранға сапармен келген Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Иран президентімен өткізген жеке отырыста екіжақты, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер туралы сөйлесті.
Екі президенттің келіссөзінен кейін екі ел теңіз тасымалы, мұнай, газ, мұнай-химия, электр энергиясы, мәдениет, білім және кедендік істер салаларында 19 ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Оңтүстік Корея президенті осы сапарда кореялық компаниялар мен өнеркәсіп иелерінің атқарушы директорларынан құралған 230 адамнан тұратын сауда делегациясымен бірге келді. «The Wall Street Journal» басылымының жазуынша, Оңтүстік Корея Ираннан мұнай импортын арттыруға қызығып отыр. Оңтүстік Корея Иранға қарсы салынған санкцияларға дейін өзіне қажетті мұнайдың 10 пайызын Иран арқылы қамтамасыз еткен болатын.