Қаң 20, 2023 20:58 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: Сақшылар корпусы – әлемдегі лаңкестікке қарсы ең ірі орган

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне реакциясында: "Сақшылар корпусы – әлемдегі лаңкестікке қарсы ең ірі орган",-деп қуаттады.

Еуропа Парламентінің өкілдері 2023 жылы 18 қаңтарда Сақшылар корпусын Еуроодақ тарапынан лаңкестік топ деп танылғандар тізіміне қосу туралы ұсынылған жобаны мақұлдады. Еуропа Парламентінің шешімдері ұсыныс болып саналады және өтініш ретінде беріледі.  

Насер Канани Твиттердегі жеке парақшасында Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне тоқталып: "Израильдің апартеид режимі – әлемдегі ең ірі ұйымдасқан лаңкестік топ. Ұлыбритания режимі – оның негізін қалаушы. АҚШ режимі – оның ең ірі демеушісі",-деп жазды.  

Канани: "Жаһандық лаңкестік клубының Сақшылар корпусына ашулануының себебі айқын. Өйткені Сақшылар корпусы – әлемдегі лаңкестікке қарсы ең ірі орган",-деді.

Тегтер