Иран мен Ресей басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 20 Jan 2023 16:35:43 GMT )
Қаң 20, 2023 22:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей басшылары телефон арқылы сұхбаттасты

Кремль Ресей Президентінің Иран басшысымен телефон арқылы сұхбаттасқанын хабарлады.

Кремльдің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин мен Иран Президенті Ибрахим Раиси 2023 жылы 19 қаңтарда телефон арқылы сөйлесіп, Сирия мәселесі, тасымал және энергетика салаларында әріптесу жайлы кеңесті.

Бұл – Путин мен Раисидің кейінгі 9 күнде телефон арқылы болған екінші сұхбаты.   

ИИР Президенті 2023 жылы 11 қаңтарда Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбаттасып, Иран мен Ресейдің транзит пен энергетика саласындағы экономикалық ынтымақтастығын одан ары кеңейтудің маңызына тоқталып, бұл әріптестіктің қос тарап пен аймақ елдері үшін пайдалы қарым-қатынастың негізін қалауға себеп болатынын айтты.

Раиси Астана үдерісі аясында Сирия мәселесін шешу үшін жасалып жатқан талпыныстарға тоқталып, ИИР-дың Украинада қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік орнату жолында белсенді де конструктивті рөл ойнауға дайын екенін мәлімдеді.  

Владимир Путин жан-жақты экономикалық ынтымақтастықтың Иран мен Ресей қарым-қатынасы үшін өте жемісті болатынын айтып: "Екі елдің транзит пен энергетика саласындағы әріптестігі жалпы Еуразия аймағының экономикасына пайдалы",-деген болатын.

Ресей Президенті сондай-ақ  Астана үдерісі аясында Сирия мәселесін шешу үшін үйлесе әрекет етуді қолдады.