Қаң 22, 2023 18:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Тәжікстан арасында фармацевтика саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Теһранда Иран мен Тәжікстан басшыларының қатысуымен екі ел арасында фармацевтика саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің халықаралық қатынастар департаментінің директоры Иран мен Тәжікстан арасында медицина саласында әріптестік бұрыннан болғанын айтып: "Тәжікстанда бір ирандық емдеу орталығы жұмыс істеп тұр. Өзара әріптестікті басқа салалар, әсіресе дәрі жасау және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету саласында да жалғастыра аламыз деп үміттенеміз",-деді.

Никнам Иранның дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар жасау саласындағы жетістіктеріне тоқталып: "Тәжікстан делегациясы Иранның фармацевтикалық және медициналық орталықтарын аралап, жетістіктерді көріп, тамсанды. Иран оларға көмек көзі болуын сұрады",-деді. 

Тегтер