Қалибаф: Швеция ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Швецияда Құран кітабына көрсетілген құрметсіздікті айыптап: "Швеция басшылары алдын ала жоспарланған ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды",-деді.
Бірқатар экстремист топтар Стокгольмдағы Түркия елшілігінің алдында Құран кітабын өртеді.
Мұхаммед Бағер Қалибаф сейсенбі күнгі ашық жиналыстың басында: "Діни құндылықтарға қатысты осындай әрекеттер әлемдегі мұсылмандар мен басқа да монотеистік діндерді ұстанушылардың сезімдеріне сызат түсірді. Швеция басшылары алдын ала жоспарланған ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды",-деді.
Қалибаф сондай-ақ Ресей парламенттік делегациясының Иранға келгеніне тоқталып: "Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы түрлі себептерге, соның ішінде Каспий теңізі арқылы көрші болу, екіжақты және аймақтық мәселер, халықаралық сахнадағы әріптестіктерге байланысты зор маңызға ие",-деді.