Сербия Президенті Украина соғысы басқа елдерге таралуы мүмкін деп ескертті
Қаң 24, 2023 22:29 Asia/Almaty
Сербия Президенті Украина соғысы басқа елдерге таралуы мүмкін деп ескертті.
Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың қару-жарақпен қолдауы Украинадағы соғыс отының өрши түсуіне себеп болды.
Сербия Президенті Александр Вучич Украинадағы жағдайдың ауырлығын бағалай келіп, бұл елде соғыс үдеп бара жатқанын айтып, соғыс басқа елдерге таралуы мүмкін деп ескертті.
Александр Вучич қазір тек Ресей мен Украина соғысып жатпағанын айтып: "Соғыстың ауқымы кеңейіп барады. Жуырда басқа елдерге таралады деп алаңдаймын. Мұндай жағдайда біз соғысты өз елімізге келтірмеу үшін оның алдын алуға міндеттіміз",-деді.
Тегтер