Қаң 27, 2023 17:46 Asia/Almaty
  • ИИР елшісі тәжік зерттеушісі және жазушысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Иранның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Тақи Сабери өз жолдауында белгілі тәжік жазушы, зерттеуші, ирантанушы, Тәжікстан-Иран достық қауымдастығының басшысы Мырза Молла Ахмадтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.  

Мырза Молла Ахмад көзі тірісінде парсы әдебиеті мен ирантану саласында 450-ден астам еңбек пен құнды ғылыми және әдеби жәдігерлер қалдырды. Олардың кейбіреулері ИИР-да жарық көрді және осы жылдар ішінде ол Иранның ғылыми және зерттеу фестивальдерінен күш-жігері үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қасиетті Құран Кәрімді кириллицаға аудару Мырза Молла Ахмадтың исламтану саласындағы тағы бір құнды қызметі.

 

Тегтер