Қауіпсіздік кеңес Пәкістандағы Пешавар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
(last modified Wed, 01 Feb 2023 11:41:03 GMT )
Ақп 01, 2023 17:41 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік кеңес Пәкістандағы Пешавар мешітіне жасалған шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітке жасалған шабуылды айыптады.

 

 

Өткен дүйсенбі күні түстен кейін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва облысының орталығы Пешавар қаласындағы мешіттердің бірінде болған лаңкестік жарылыс салдарынан 90 адам шәһид болып, 150-ден астам адам жараланды. Әзірге Пешаварда дүйсенбі күні болған жарылыс үшін жауапкершілікті ешкім немесе топ өз мойнына алған жоқ.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мәлімдемесінде Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің 2023 жылы 30 қаңтарда Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітке жасалған шабуылды қатаң айыптап, қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендер тез сауығып кетуін, осы елдің үкіметіне көңіл айтып, тілегін білдірді.

Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері бұл шабуылдарды жасағандарды, ұйымдастырушыларды, оны қаржыландырғандарды және қолдаушыларды жауапқа тартып, оларды сотқа тарту қажеттігін атап өтті.