Италиялық телеарна: Ғани Кабулдан қашу үшін Катардан пара алды
(last modified Thu, 02 Feb 2023 14:04:48 GMT )
Ақп 02, 2023 20:04 Asia/Almaty
  • Италиялық телеарна: Ғани Кабулдан қашу үшін Катардан пара алды

Италияның TG1 ұлттық телеарнасы бір зерттеу репортажында: "Катар Талибанға қарсылық көрсетпеуі үшін Ашраф Ғаниге 110 млн доллардан аса пара берді",-деп уәж айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының қарасты Дари радиосының хабарлауынша, TG1 арнасы Ашраф Ғанидің өкілі әрі Ауғанстан Орталық банкінің сол кездегі басшысы Аджмал Ахмадидің атына Катар өкілі тарапынан ақша салынғанын дәлелдейтін құжатты жариялады.

Осы құжатқа сәйкес, 2021 жылы 7 шілдеде 110 млн 478 мың долларлыұ бір чек Катар өкілі Мотлақ Моджед әл-Қаһтани тарапынан Ашраф Ғанидің арнайы өкілі Аджмал Ахмадиге берілген. Ахмади құжатқа қол қойған.

Катар үкіметі де әл-Қаһтанидің сол уақытта Кабулда болғанын және Ауғанстан СІМ-нің Архив ғимаратында Ашраф Ғанимен кездескенін растады.

Осы репортажды дайынадған атақты италиялық журналист Филиппо Росси: "Талибан шабуыл жасаған кезде Кабул үкіметі Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне Талибанға қарсы шықпай, кері шегінуге бұйрық берген",-деді.

Ашраф Ғани осы сыйлықты алғаннан 5 апта өткен соң Кабулдан қашып, Талибан астанаға басып кірді.