Сауд Арабиясы АҚШ-қа 11 қыркүйекке қатысты заңның қабылдануына қатысты ескерту жасады
(last modified Tue, 03 May 2016 09:01:08 GMT )
Maм 03, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы АҚШ-қа 11 қыркүйекке қатысты заңның қабылдануына қатысты ескерту жасады

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі бұл елдің АҚШ-қа 11 қыркүйек оқиғасына қатысты заңның қабылдануы туралы ескерту жасағанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубайр: «АҚШ тарапынан Сауд Арабиясының 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылдарына қатысы барлығы туралы заң жобасының қабылдануы әлемдік инвесторлардың АҚШ-қа деген сенімін жояды»,-деді.

«New-York Times» газеті бұдан бұрынырақ: «Эр-Рияд үкіметі АҚШ Конгресі тарапынан АҚШ жерінде америкалықтардың құрбан болуына әкеліп соқтыратын лаңкестік шабуылдарға қатысты шетелдік үкіметтердің иммунитетін жою туралы заңның күші жойылса, АҚШ-тағы өзінің құны 750 млрд долларлық активтерін сататынын айтып, қоқан-лоққы жасады»,-деп жазған болатын.

2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте шабуылдар жасалғаннан кейін АҚШ Конгресі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізетін комитет құрып, артынан он жыл өтсе де, Сауд Арабиясына қатысты бөлігі құпия қалып отырған есепті жариялады.