Ақп 04, 2023 11:30 Asia/Almaty
  •  АҚШ  Иранның ұшқышсыз ұшақтар бағдарламасына қарсы жаңа санкциялар салды

АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні Иранның ұшқышсыз ұшақтарының ықпалы мен күшінен қорқып, ұшқышсыз ұшақтар бағдарламасына байланысты ИИР-на қарсы жаңа санкциялар салды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі елінің Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының Paravar Pars   компаниясының сегіз жоғары лауазымды менеджеріне санкция салғанын жариялады. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұған дейін санкциялар тізімінде болған Paravar Pars компаниясының 8 шенеунігіне «Шоһед» ұшқышсыз ұшақтарын шығарды деген айыппен санкция салды.

Бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі 31 қаңтарда жеті ирандық компанияның Ресей Украинаға қарсы шабуылында пайдаланатын ұшқышсыз ұшақтарды шығарады деген сылтаумен  коммерциялық қара тізіміне енгізілгенін  жариялады.

Тегтер