Ақп 05, 2023 12:49 Asia/Almaty
  • Қытай: АҚШ аспанында көрінген әуе шары әскери емес

Қытай жұма күні АҚШ үстінен ұшып бара жатқан әуе шарының әскери емес, метеорологиялық және ғылыми мақсатта пайдаланылатынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрлігі бұл әуе шарының АҚШ әуе кеңістігіне бұрылғанына өкініш білдіріп, бұл күтпеген оқиғаны дұрыс басқару үшін АҚШ-пен байланыс орнатуды жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл мәлімдемеде былай делінген: «Батыстан соққан жел мен басқару мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, бұл дирижабль жоспарланған бағытынан ауытқып кетті».

Америкалық шенеуніктер бейсенбі күні: «АҚШ бірнеше күн бойы елдің әуе кеңістігінде байқалған күдікті қытайлық бақылау шарын қадағалауда, бірақ Пентагон қауіп-қатер мен құрбан болу ықтималдығына байланысты оны түсірмеу туралы шешім қабылдады»,- деді.

Тегтер