Түркіменстан Жоғарғы сотының төрағасы мен Ұлттық қауіпсіздік министрі қызметінен босатылды
(last modified Sun, 05 Feb 2023 06:50:56 GMT )
Ақп 05, 2023 12:50 Asia/Almaty
  • Түркіменстан Жоғарғы сотының төрағасы мен Ұлттық қауіпсіздік министрі  қызметінен босатылды

Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Жоғарғы сот төрағасы Гуванчмырат Уссанепесов пен Ұлттық қауіпсіздік министрі полковник Гурбанмырат Аннаевты қызметінен босатты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасы жұма күні кешке хабарлағандай, бұл елдің үкімет басшысы тиісті қаулыларға Түркіменстан Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздік департаменттерінің 2022 жылға арналған жұмысының қорытындысына арналған отырысында қол қойды.

Бұл екі адамның лауазымнан босату себебі жарияланған жоқ.

Жаңа қаулыда бұған дейін Ашхабад қалалық сотының басшысы болған Бегенч Ходжамгулыев Түркіменстан Жоғарғы сотының жаңа басшысы болып тағайындалды. Түркіменстан президентінің жарлығына сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік министрлігін бұған дейін Мемлекеттік көші-қон департаментінің бастығы қызметін атқарған полковник Назар Атагараев басқаратын болды.