Ақп 05, 2023 18:24 Asia/Almaty
  • Генерал Парвиз Мушарраф қайтыс болды

Пәкістанның бұрынғы әскери басшысы генерал Парвиз Мушарраф 79 жасында созылмалы аурудан қайтыс болды.

Парвиз Мушарраф Пәкістанның он екінші президенті болған. Ол сондай-ақ Пәкістан армиясы штабының басшысы, он төртінші пәкістандық генерал болды. Ол елде төңкеріс жасап, билікке келіп, 9 жыл ел басқарды.

Парвиз Мушарраф 1999 жылы 12 қазанда Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шарифті биліктен тайдырып, орнын басып алды. 2001 жылы 20 маусымда елде референдум өткізіп, өзін Пәкістан Президенті деп жариялады. Парламенттегі оппозициялық фракциялар оған импичмент жариялаймыз деп сес көрсеткеннен кейін ол 2008 жылы 18 тамызда отставкаға кетті.

Парвиз Мушарраф 2016 жылы 18 наурызда Жоғары соттың шешімімен және емделу мақсатында Дубайға кетіп, содан қайтып оралмады.

Тегтер