Орталық Азия: Қазақстан Иранның «Шәһид Раджаи» порты арқылы ашық суға шығады
ParsToday - Иран Вице-президенті Түркіменстан Премьер-министрінің орынбасарымен кездесуінде: «Түрікменстанмен экономикалық және сауда қарым-қатынастарын тереңдету күн тәртібінде болуы керек»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Теһранда өтіп жатқан 3-ші Каспий теңізі экономикалық форумы аясында Мұхаммад Реза Ареф Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары Хаджамырат Гелдимырадовпен кездесіп, Иран Ислам Республикасының көрші елдермен қарым-қатынастарын дамытудағы маңызды басымдылығына тоқталып, былай деп айтты: «Бұл стратегияда Түркіменстанның алатын орны ерекше және Діни жетекшінің Теһран-Ашхабад қарым-қатынасының дамуы үшін ең жақсы түсініктеме беріп, Иран мен Түркіменстанды көрші болумен қатар туыс елдер деп атады».
Хаджамырат Гелдимырадов: «Иран Түрікменстанның басым, стратегиялық, ұзақ мерзімді және келешекті экономикалық серіктесі болып табылады»,-деді.
Тәжікстан Премьер-министрі Теһранға келді
Мұхаммад Реза Ареф дүйсенбі күні кешке Теһранда Тәжікстан Премьер-министрі Кахер Расулзадені қарсы алды. Екіжақты салалардағы бірлескен ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастыру және пікір алмасу Иранның Вице-президенті мен Тәжікстан Премьер-министрі арасындағы талқылау тақырыптарының бірі болып табылады. Екі күндік Каспий экономикалық конференциясы дүйсенбі күні Теһранда Ресей, Түркіменстан, Қазақстан және Әзірбайжанның ресми өкілдерінің қатысуымен басталды.
Қазақстан Иранмен сауда айналымын 3 миллиард долларға жеткізуді көздейді
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жексенбі күні кешке «Шәһид Раджаи» портының әртүрлі бөліктерін аралап, Иранның оңтүстігіндегі Хормозган әкімшілігінің экономикалық істер жөніндегі үйлестірушісінің орынбасарымен кездесуінде Шығыс Азияның кейбір елдерінде қазақстандық порттар мен логистикалық терминалдардың бар екеніне тоқталып: «Біз Иранмен сыртқы сауданы 3 миллиард долларға жеткізуге талпынудамыз»,- деді.
Әлібек Бақаев Иран мен Қазақстанның теңіз саудасын дамытудағы стратегиялық рөліне тоқталып: «Біздің еліміз «Шәһид Раджаи» порты арқылы ашық суға шығуға ұмтылатын транзиттік ел болып саналады»,- деді.
Арменияның Ирандағы елшісі: Иранмен мәдени және өнер саласындағы қарым-қатынастарды дамытуда бізде шектеу жоқ
Арменияның Ирандағы елшісі Григор Акопян ирандық және армян өнерпаздарының 40-шы халықаралық «Фаджр» музыка фестиваліндегі бірлескен өнеріне сілтеме жасап: «Иранмен ынтымақтастық пен мәдени және өнер саласындағы қарым-қатынастарды дамытуда бізде шек жоқ және осындай бірлескен бағдарламаларды көбірек өткіземіз деп үміттенемін»,- деді.
Иран мен Түркіменстан Пәкістанға экономикалық жобаны бастады
Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забиулла Муджахид Иран мен Түркіменстанның Ауғанстан арқылы Пәкістанға жалғайтын 737 шақырымдық теміржол жобасының басталғанын хабарлады.