Ақп 05, 2023 20:38 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Куба Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Гаванада Куба Премьер-министрінің орынбасарымен кездесіп, кеңесті.

Хұсейн Амир Абдуллахиан Куба Премьер-министрінің орынбасары Рикардо Кабрисас Руиспен кездесті.

Иран Сыртқы істер министрі жоғары лауазымды делегацияны бастап сенбі күні Куба астанасы Гавана қаласына барып, осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрімен кездесіп, сұхбаттасты.

Амир Абдуллахианның Куба Президентінің резиденциясында өткен кездесуінде екіжақты және халықаралық мәселелер талқыланды.  

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран үкіметі Латын Америкасына, әсіресе Кубаға айрықша көңіл бөледі",-деді.

Куба Премьер-министрінің орынбасары осы кездесуде: "Иран Сыртқы істер министрінің Кубаға сапары екі ел қарым-қатынасын нығайтуда бетбұрыс нүктесі болатынына үміттенеміз",-деді.  

Тегтер