Ақп 05, 2023 21:12 Asia/Almaty
  • АҚШ Қытайдың аэростатын құлатты

АҚШ армиясы Қытайдың бір аэростатын құлатты. Соның салдарынан екі ел арасы ушығып кетті.

Қытай Сыртқы істер министрі жексенбі күні АҚШ көгінде бір қытайлық аэростаттың құлатылғанына өкініш білдіріп: "Қытай тура осылай жауап қайтаруға құқылы",-деп мәлімдеді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: "Бейжің Вашингтонның метеорологиялық мақсаттарда пайдаланылатын аэростатты құлатқанына наразы және АҚШ-қа қарымта жауап беруге құқылы",-делінген.

Қытай Сыртқы істер министрі: "АҚШ осы әрекетімен халықаралық заңдарды бұзды",-деді.

Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Аэростат өз бағытынан ауытқып кеткен екен. Қытай АҚШ-тың әуе кеңістігін абайсызда бұзғанына өкініш білдіреді",-деді.  

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин: "Құлатылған қытай аэростаты АҚШ-тың стратегиялық орталықтарын бақылап, тыңшылық жасау мақсатында қолданылған болатын",-деп уәж айтты.

Тегтер