Иран Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің бесінші партиясын жіберді
(last modified Thu, 09 Feb 2023 10:08:55 GMT )
Ақп 09, 2023 16:08 Asia/Almaty
  • Иран Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің бесінші партиясын жіберді

Иранның Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге жіберген гуманитарлық көмегінің бесінші партиясы Дамаскқа жетті.

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде 7,6 және 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзаланың ошағы Түркияның оңтүстігіндегі Қахраманмараш облысында болды. Жер сілкінісі салдарынан Түркияның 10 облысымен қоса, Сирияның солтүстік өңірлеріне орасан зор адами және материалдық шығын әкелінді.

Түркия мен Сирияда зілзала болған алғашқы сағаттардан-ақ Иран зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін жариялады.

Жаңа статистикалық мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияның шекарасында болған жер сілкінісінен осы уақытқа дейін 15 мыңнан аса адам қаза тапты. 

Тегтер