Ақп 10, 2023 18:26 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы аймақтық және халықаралық өзгерістер, соның ішінде Сирия мен Түркияда болған жойқын жер сілкінісі және санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздердің қазіргі жағдайы туралы сөйлесіп, пікір алмасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Антониу Гутерришпен телефон арқылы сұхбатында Сирия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болған өңірлердің халқына халықаралық көмекті көбейту керегін айтып: "Сирияның Идлиб облысында жағдай ауыр. Өйткені Сирия үкіметіне бұл аймақ қолжетімсіз болып отыр",-деді.

Амир Абдуллахиан санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздерге қатысты АҚХА-ның техникалық қатынас көрсетуі керегін айтып: "Иранның Атом қуаты ұйымы мен Атом қуаты халықаралық агенттігі әріптестік аясын белгілеп алған. Осы агенттік басшысының Теһранға сапарын ұйымдастыру тараптардың күн тәртібіне қойылған",-деді.

БҰҰ Бас хатшысы Иран Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтап, аймақтық диалог пен әріптестікті дамытуды маңызды деп атады.

Антониу Гутерриш Иранға қарсы санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздер туралы: "Барлық тараптарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайтарудан басқа ешқандай таңдау жолы жоқ",-деді.

Тегтер