АҚШ Конгресінің 17 мың ирандық азаматты өлтірушілермен байланысы
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Конгресінің "Мұнафықтар" лаңкестік тобын қолдағанын сынады.
АҚШ Конгресінің 165 радикал өкілі Иранда бүлік басылған жағдайда осы елдегі наразылықтар жайлы өз айыптауларын қайталап, қарар ұсынып, Иранның болашағын қолдау сылтауымен "Мұнафықтар" лаңкестік тобы мен оның басшысына қолдау білдірді.
Насер Канани жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында: "АҚШ Конгресінің 165 өкілінің "Мұнафықтар" тобын қолдауы әлем халқына АҚШ жүйесінің лаңкестікпен тығыз байланыста екенін көрсетті",-деп жазды.
Насер Канани: "Таңданатын ештеңесі жоқ! ДАИШ-ты құрып, құрал ретінде пайдаланған режим 17 мың ирандық азаматты өлтірген топты қолдап, саяси құрал ретінде пайдалануға арланбайды",-деді.