Иран Президенті Қытайға барады
https://itolqyn.com/news/world-i67602
Иран Президенті қытай әріптесінің ресми шақыруымен жоғары лауазымды делегацияны бастап Бейжіңге барады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 12, 2023 18:33 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Қытайға барады

Иран Президенті қытай әріптесінің ресми шақыруымен жоғары лауазымды делегацияны бастап Бейжіңге барады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке жоғары лауазымды саяси-экономикалық делегацияны бастап Қытай астанасына аттанады.

Иран мен Қытай басшылары келіссөздерінің жай-жапсары жарияланған жоқ. Алайда екі ел басшыларының қатысуымен қос тарап арасында бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойылады.