Гриффитс: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің құрбандар саны 55 мыңға жетеді
Зілзаланың алғашқы ошағы Кахраманмараш қаласына барған БҰҰ Бас хатшысының төтенге жағдайлар және гуманитарлық шаралар жөніндегі орынбасары: "Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің құрбандар саны 55 мыңға жетеді",-деп болжам айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мартин Гриффитс Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінің адами шығынының қазіргі 28 мыңнан екі есе немесе одан да көп болуы ықтималын ескертті.
Жексенбі күнгі статистика бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 24617 адам, Сирияда 3500-ден аса адам қаза тапты.
Ауа райының суытуы осы екі елдегі миллиондаған адамның жағдайын ауырлатын отыр.
БҰҰ-ның ескертуі бойынша, Түркия мен Сирияда 870 мыңға жуық адам ыстық тамаққа зәру болып отыр. Сирияда зілзала салдарынан 5 млн 300 мыңнан аса адам баспанасыз қалды.