АҚШ 40 жыл бойы ИИР жүйесін құлатуға талпынды
(last modified Sun, 12 Feb 2023 16:48:19 GMT )
Ақп 12, 2023 22:48 Asia/Almaty
  • АҚШ 40 жыл бойы ИИР жүйесін құлатуға талпынды

Иранда Ислам революциясы жеңісінің 44 жылдығы тойланып жатыр. Ал АҚШ-тың соғысқұмар оңшыл саясаткері Джон Болтон бір кездері "Революцияға 40 жыл толғанға дейін "Мұнафықтар" лаңкестік тобы Иранда билік ететін болады" деген еді.

Джордж Буштың билігі кезінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі және Дональд Трамп үкіметі кезінде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болған Джон Болтон – 2012 жылға дейін АҚШ-тың лаңкестік ұйымдар тізімінде болған "Мұнафықтар" лаңкестік тобын жылдар бойы қолдап, олардың жиынына қатысатын америкалық басшылардың бірі. Джон Болтон 2017 жылы Парижде өткен "Мұнафықтар" лаңкестік тобының отырысында АҚШ-тың сол кездегі Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы жауластық сөздерін қолдап: "Трамп үкіметінде Иранға қатысты саясатты қайта қараудың нәтижесі мынадай болуы тиіс: Ислам революциясы екі жылдан кейін өзінің 40 жылдығына жетпеуі керек",-деді.

Джон Болтонның арманы – шын мәнінде АҚШ-тың 40 жылдан аса уақыт бойы көздеп келе жатқан қалауы, яғни ИИР жүйесін құлату. Иран 44 жыл бойы Вашингтонның саясаты мен үстемшіл әрекеттеріне мықты бөгет секілді қарсы тұрып, сан рет АҚШ-ты жер жастандырды. Исламдық Иран – аймақтық және халықаралық деңгейде АҚШ-тың гегемониясы мен үстемшіл саясатына қарсы бас көтерген ең ірі ойыншылардың бірі. Бұл жүйе АҚШ-тың Ирандағы мүддесін жойып қана қойған жоқ, АҚШ-тың аймақтағы саясаттары мен оның аймақтық одақтастары, әсіресе сионистік режимнің іс-қимылдарына қарсы тұрды. Осы орайда Ираннан Палестинаға дейін қарсыласу өзегінің құрылуы исламдық Иранның үстемшілдік пен сионизмге қарсы символы саналады.

ИИР-дың маңызды да ықпалды қырларының бірі – сыртқы саясатта бұрын-соңды болмаған жаңа үдерістердің қалыптасуы. Бұл үдерістер үстемшілдікке қарсы күресуге негізделген. Қазір Ислам революциясы жеңісіне 44 жыл болған шақта, сарапшылардың мойындауынша, ИИР аймақтағы бір маңызды күш әрі халықаралық сахнада ықпалды ойыншы деп танылып отыр.

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ ұдайы ИИР жүйесін құлатуға талпынып, жауластық қатынас ұстануды өз саясатының басты бағыты етіп алып, соңғы 40 жылда Иранға қарсы санкция салу саясатын жүргізді. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, барынша қысым саясатын қабылдаған Дональд Трамптың билігі кезінде Иранға қарсы санкция салу бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Вашингтон Иранды өзінің қисынсыз әрі заңсыз талап-тілектеріне мойынұсындыру үшін Иран халқына қарсы ең ауыр санкциялар салды. Бірақ Байден үкіметінің мойындауынша олар сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс тапты.