Түркияның жер сілкінісі болған аймақтарында Иран армиясының жылжымалы ауруханасы жұмыс істей бастады
https://itolqyn.com/news/world-i67620-Түркияның_жер_сілкінісі_болған_аймақтарында_Иран_армиясының_жылжымалы_ауруханасы_жұмыс_істей_бастады
ИИР армиясының Құрлық күштері Түркияның Адыяман қаласында 50 адамдық бір жылжымалы аурухана ашты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 13, 2023 17:29 Asia/Almaty
  • Түркияның жер сілкінісі болған аймақтарында Иран армиясының жылжымалы ауруханасы жұмыс істей бастады

ИИР армиясының Құрлық күштері Түркияның Адыяман қаласында 50 адамдық бір жылжымалы аурухана ашты.

Түркия Қорғаныс министрлігінің ИИР Қарулы күштері бас штабына жасаған өтініші бойынша, Иран Құрлық күштерінің 50 адамдық жылжымалы ауруханасы зілзаладан зардап шеккен Адыяман қаласында іске қосылды.  

ИИР армиясы Құрлық күштерінің медициналық қызмет көрсету орталығы басшысының айтуынша, тура осындай аурухана барлық құрал-жабдықтарымен Иранның Шығыс Әзірбайжан облысында жер сілкінісінен зардап шеккен Хой ауданында да қызмет көрсетіп жатыр.